Өмір парақтары Ауылымның көктемі Алғабастың көктемін сағынамын Құдай көрер несіне шағынамын Ұшып кетер ол жаққа қанатым жоқ Тағатыма қайтемін бағынамын Оянып өлке жанданып Сайрады құсы бағында Аққулар көші таңданып Қимады кетер шағында Ауылдың көркі көктемде Ерекше сұлу мұнтаздай Ал жаңбыр бүркіп өткенде Жарқ етер сәнді жиһаздай Балалар қозы бағады Жайылтып қырда ертесін Шешесі кешке қағады Арқадан мақтап еркесін Күйбеңдеп пештің маңында Апа жүр құртын қайнатып Су сеуіп аула шаңында Тазалар қызы жайнатып Тірліктен бердім үзінді Қайтейін қысқа болса да Тауысып жемес жүзімді Шырыны бойға толса да Ұйықтамай көлкіп қарсуы Жосылды еріп сылдырлап Көктемде қызып шарпуы Күн нұрын төкті құлдилап Бәйшешек тапал жусан шөп Арылып қардан гүлденді Бойында бұлақ бозан көп Жарылып талдан бүрленді Наурызгүл қаргүл жотада Өсіпті ептеп бұлтиып Саршагүл,шайгүл,ботада Шашыпты желек қылтиып Алыстан әлсіз күркіреп Айтқандай сырын аспанда Оянған сезім жүршілеп Жатқандай жүрек қаққанда Махаббат бақыт қашанда Ғашықтар танған есінен Сүйгенді ізде жасанда Бұйырған саған несібең Байжуменов.С

Теги:

Теги других блогов: