Ауылым
Алғабас ауаң таза тауың биік
Жатады найза шыңың бұлтқа тиіп
Етекте момын аққан ақ өзенім
Бар суды өз бойына алған жиып
Ақ үйлер қатарласып жарасады
Жастары үлкен сыйлап санасады
Білімді, мәдениетті озық елге
Бөтендер бек сүйсініп қарасады
Ауылым түрленеді гүл дестемен
Көз салып бақыладым бір кеште мен
Айналам әдемі боп жайнап кетті
Тоқыған орамалдай қыз кестемен
Мақтасам көлдерімді сөз жетпейді
Орманым желкілдеген көз өтпейді
Хош иісті балбыраған жемісінің
Бал дәмі таңдайымнан еш кетпейді
Жерінің шұрайлысын білген халқым
Шалғынды жайлауы бар қоңыр салқын
Өседі өсімдіктің алуан түрі
Осыны есте тұтқан жұртым алтын
Көгінде әндетеді бұлбұл сайрап
Шомылып балалар жүр суды бойлап
Жаздың да мамыражай күні келді
Жас желең сауық салар күліп ойнап
Ұрпағы қарияларға көмектессін
Батаға шынай берген шүкірдессін
Дәстүрлі қазағымның салтына сай
Құрметпен кәрісіне төрін берсін
Ауылым отыр әні сүттей ұйып
Туғаннан келеміз ғой оны сүйіп
Біз үшін әрқашанда өзің қымбат
Кетеміз алыс қалай сені қиып